Эквадор құрамасының шабуылшысы Эннер Валенсия Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эквадор капитаны ойынның 15-минутында пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды.

Бір қызығы, Валенсия Катар қақпасыныі кілтін ойынның 3-минутында-ақ тапқан. Бірақ әріптесі офсайдта қалып кеткендіктен, ол гол есептелмеді.