Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас желтоқсан айында үшінші жекпе-жекке шығады.

Ангелина Лукас Instagram арқылы 11 желтоқсанда кезекті жекпе-жек өткізетінін мәлім етті. Әзірге қарсыласы кім екені белгісіз.

Бұған дейін ол екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.