Футболдан Қазақстан құрамасы Абу-Дабиде өткен жолдастық матчта БАӘ командасынан жеңілді.

Есепті бірінші таймда алаң қожайындары ашқан. Ойынның екінші бөлігінде Абат Айымбетов таразы басын теңестіргенімен БАӘ футболшысы Лима дубль жасап, командасына жеңісті алып берді.

Жолдастық матч

БАӘ — Қазақстан 2:1 (1:0)

Голдар: Лима 13 (1:0), Айымбетов 62 (1:1), Лима 71 (2:1)

Алаңнан қуылды: Марочкин 79