Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңа рейтингі жарияланды және оның қорытындысы бойынша бірнеше қазақстандық боксшы үздік бестікке енген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов үш сатыға көтеріліп, бесінші орында тұр.

Аса ауыр салмақтағы WBC International чемпионы Жан Кособуцкий оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Иван Дычко рейтингте 32-орында келеді.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов оныншы орыннан бесінші орынға көтерілді.