Футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті турындағы матчта «Каспий» мен «Жастар» командалары тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, алаң иелерінің қақпасына Андрей Графский (дубль) пен Джахангир Рашит гол соққан болатын. Қонақтар қатарында Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов және Ержан Кәрменов мергендік танытты.