Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 37 турнирінде қазақтың белгілі театр және кино актері Асылхан «Сартай батыр» Төлепов ММА спортынан дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Оның қарсыласы таеквандодан қара белбеудің иегері әзірбайжандық Махаррам Ахмадов болды (2-1).

«Сартай батыр» Әзербайжан өкілін қылқындыру әдісімен жеңді.

Еске салайық, жекпе-жек кешінің негізгі айқасында қырғызстандық «Хулк» Исламбек Бақтыбек ұлы (6-2) мен ресейлік Владимир Рудак (3-1) ұйымның ауыр салмақтағы чемпионын анықтайды.