Мадридтік «Атлетиконың» бұрынғы қорғаушысы Томаш Уйфалуши «Манчестер Юнайтедтің» қақпашысы Давид де Хеаның мадридтік «Реалға» ауысуы мүмкін деген ақпарат туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Жоқ, егер де Хеа «Реалға» ауысса, олар («Атлетиконың» жанкүйерлері – «PROСПОРТ») оны кешірмейді. Бұл шешімді қабылдау Давид үшін қиын болады. Бұл мен үшін тосын жағдай болды, себебі ол «Атлетиконың» жанкүйері. Ол жас болған кезінде, оның жүрегі «Атлетикомен» соқты», - деді Уйфалуши.