Қазір Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық промоутерлік турнир аясында жеңіл салмақтағы OCTAGON гран-приінің жартылай финалдық айқасы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Шағын турнирдің финалында Қазақстанның екі өкілі Досбол Елеген (10-6) мен Айваз Айдынов (4-1) бақ сынады.

Жекпе-жектің үш раунды да тартысты өтті. Төрешілер жеңісті Айдиновке берді.

OCTAGON 37 жекпе-жек кешінің басты оқиғасы қырғызстандық «Хулк» Исламбек Бақтыбек ұлы (6-2) мен ресейлік Владимир Рудак (3-1) арасындағы ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жек болмақ.