«Барселонаның» қорғаушысы Мартин Монтойя италиялық «Интерге» жалға берілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

24 жастағы испаниялық қорғаушы екі жылға 1,5 миллион еуроға жалға берілді. «Нерадзурри» келісім-шарт бойынша Монтойяны 8 миллион еуроға сатып ала алады.

Өткен маусымда Мартин Монтойя каталониялықтар сапында барлық турнирде 12 матч өткізді.