Перу құрамасы Америка кубогы-2015-тің үшінші орнын Парагвай командасымен сарапқа салып, 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Есепті екінші таймның басында перуліктердің шабуылшысы Андре Каррильо ашса, матчтың аяғында форвард Паоло Герреро есепті ұлғайтып, ойынның нүктесін қойды.

Естеріңізге сала кетсек, турнирдің финалында Чили мен Аргентина құрамалары кездеседі. Ойын 5 шілдеде Астана уақытымен 02:00-де болады.

 

Перу – Парагвай – 2:0 (0:0)

Голдар: Каррильо, 48 (1:0). Герреро, 89 (2:0).

Перу: Гальесе, Адвинкула, Аскуэс, Рамос, Варгас, Каррильо (Уртадо, 90+2), Баллон, Лобатон (Йотун, 58), Куэва, Рейна (Санчес, 84), Герреро.

Парагвай: Вильяр, Касерес, Да Сильва, Агилар, Самудио, Бобадилья, Касерес (Аранда, 59), Ортигоса (Ортис Бусто, 64), Мартинес (Бенитес, 57), Ромеро, Барриос.

Ескертулер: Самудио, 38. Йотун, 85. Санчес, 88.