Алматыда өтіп жатқан OCTAGON37 турнирінің екінші жекпе-жегінде қазақстандық Әбдурахман Өмірзақов (1-0) пен өзбекстандық Нуршод Келдиоров (1-0) кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Жекпе-жек басталысымен-ақ белсенді әрекетінің арқасында Өмірзақов басымдық танытып, жеңіске жақын болды. Екінші және үшінші раундтарда да Қазақстан өкілі жиі шабуылдап, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, O37 турнирінің басты жекпе-жегінде Владимир Рудак (3-1) қырғызстандық «Халк» Исламбек Бактыбек уулумен (6-2) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниялар тобы.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.