18-20 қараша аралығында Нидерланд елінің Херенвен қаласында конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оған 28 елден 229 спортшы қатысады.

Додада Қазақстан намысын Надежда Морозова, Алина Дауранова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Евгений Кошкин, Артур Галиев, Демьян Гаврилов, Виталий Щеголев, Бақдәулет Сағатовтан құралған құрама команда қорғайды.