Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Туринде (Италия) өтіп жатқан ATP Қорытынды турнирінде норвегиялық Каспер Руды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңнің үшінші ойынында әлемнің екінші ракеткасы ATP рейтингінде 4-орында тұрған Руудты 7:5, 7:5 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 44 минутқа созылды.
Бұл кездесудің турнирлік мәні болмады, өйткені алғашқы екі матчтың қорытындысы бойынша Надаль топтан шығу мүмкіндігін жоғалтып алған, ал Рууд мерзімінен бұрын жартылай финалға өткен.
Комментарии