Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (16-2) ресейлік Магомед Идрисовқа (7-0) қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді, алайда қарсыласы айқасқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 қараша күні BRAVE CF 66 турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Магомед Идрисов жарақатына байланысты айқасқа шықпайтын болды. Оның орнына филиппиндік Кеннет Манингат (6-0) жұдырықтасады.