20 қарашада Лас-Вегаста UFC Fight Night 215 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Кештің басты жекпе-жегінде UFC титулына бұрынғы үміткер америкалық Деррик Льюис пен молдавиялық Сергей Спивак кездеседі.

Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов америкалық Чарльз Джонсонға қарсы жұдырықтасады.

Жекпе-жек елорда уақытымен шамамен 02:00-де басталады. Ал турнирдің трансляциясы UFC ресми сайтында қолжетімді.