Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионаты басталатын уақыт жақын қалды, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті әлем біріншілігі алдында назаларыңызға бірқатар қызықты дерек ұсынамыз.

Әлем чемпионатына қатысатын ең жас ойыншы: Юссуфа Мукоко (Германия құрамасы), 17 жас. Бір қызығы әлем чемпионаты басталған күні Мукоко 18 жасқа толады.

Әлем чемпионатына қатысатын ең егде ойыншы: Альфредо Талавера (Мексика құрамасы), 40 жас.

Әлем чемпионатына қатысатын ең аласа ойыншы: Ильяс Шаир (Марокко құрамасы, 158 CM.

Әлем чемпионатына қатысатын ең биік ойыншы: Андрис Нопперт (Нидерланды құрамасы), 203 CM.

Әлем чемпионатында ең көп матч өткізген ойыншы (мансабын аяқтамағандар арасында): Лионель Месси (Аргентина құрамасы), 19 матч.

Әлем чемпионатында ең көп гол соққан ойыншы (мансабын аяқтамағандар арасында): Томас Мюллер (Германия құрамасы), 10 гол.

Әлем чемпионатында ең көп нәтижелі пас берген ойыншы (мансабын аяқтамағандар арасында): Томас Мюллер (Германия құрамасы), 6 ассистент жасаған.