Орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 13 қарашада Лас-Вегаста чемпиондық атағын қорғағаннан кейін Невада штатының атлетикалық комиссиясы оны уақытша жарыстан шеттетті, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандыққа 2022 жылы 13 желтоқсанға дейін жекпе-жек өткізуге тыйым салынды. Бұл шара спортшының толық қалпына келуі үшін медициналық себеппен жасалып отыр.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңіп, чемпиондық атағын бірінші рет қорғады.