«Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс «Црвена Звездамен» өткен ойын жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- 2-ші минутта қарсылас команданың ойыншысы алаңнан қуылды. Осы жайт матч тағдырын шешті деп ойлаймын. Десек те, әлі ештеңе шешілмеді. Қарымта ойын бар. «Црвена Звездаға» он ойыншымен ойнаған ауыр болды. Біз болсақ екі голдан көп соғатын мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Әйтсе де нәтижеге көңілім толды. Егерде маған біреу ойын алдында біз 2:0 есебімен ұтамыз десе, мен оған сенбес едім, - деді словакиялық маман.