Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Хельсинкиде (Финляндия) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық Италия өкілі Стефано Травалььяны екі сетте 6-2, 6-4 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 22 минутқа созылды.