Ресейлік Outsiders ұжымы беделді HLTV.org порталының нұсқасы бойынша әлемнің үздік командаларының рейтингінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орынды Heroic командасы иеленді. Үшінші орында Cloud9 CS:GO-ұжымы орналасты, ол Бразилиядағы «мейджорда» 5-8 орынға ие болған.

IEM Rio Major турнирі 31 қазан мен 14 қараша аралығында Рио-де-Жанейрода өтті. Virtus.pro командасы жеңімпаз атанып, 500 мың АҚШ долларын иеленген.