Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Хельсинкиде (Финляндия) өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің екінші айналымында австриялық Александр Эрлерді жеңді.

1 сағат 37 минутқа созылған кездесу 7-6, 6-2 есебімен аяқталды.