Түркия Суперлигасының 14-туры аясындағы «Бешикташ» - «Антальяспор» матчы Ыстамбұл орталығында болған терактіге байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жанкүйерлер стадионнан кетіп жатыр, қауіпсіздік шаралары күшейтілді», - деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Айта кетерлігі, ойынға ТМД елдерінен барған маркетологтар мен клуб директорлары тобы, оның ішінде Қазақстан делегациясы да қатысуы керек еді. Сапар қазақстандық Федор Симиниди ұйымдастырған оқу бағдарламасы аясында жоспарланған.

Еске салайық, кеше Ыстамбұлдың орталығында теракт болды. Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган алты адам қаза тауып, 53 адам жараланғанын айтты.