Иран құрамасының бапкерлер штабы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Иран футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иран құрамасының өтінімі:

Қақпашылар: Алиреза Беиранванд («Персеполис»), Амир Абедзаде («Понферрадина»), Хоссейн Хоссейни («Эстеглал»), Паям Ниазманд («Сепахан»)

Қорғаушылар: Маджид Хоссейни («Трабзонспор»), Хоссейн Канаани («Аль-Ахли»), Шоджа Халилзаде («Аль-Ахли»), Мортеза Пурлиганджи («Аль-Араби»), Садег Мохаррами («Локомотива» Загреб), Милад Мохаммади («Гент»), Эхсан Хаджсафи (АЕК), Рамин Резаэян («Персеполис»), Аболфазл Джалали («Эстеглал»)

Жартылай қорғаушылар: Саид Эззатоллахи («Вайле»), Али Карими («Кайсериспор»), Ахмад Нуроллахи («Шабаб Аль-Ахи»), Рузбе Чешми («Эстегляль»), Вахид Амири («Персеполис»), Саман Годдос («Брентфорд»), Алиреза Джаханбахш («Фейеноорд»), Али Голизаде («Шарлеруа»), Мехди Тораби («Персеполис»)

Шабуылшылар: Сердар Азмун («Байер»), Мехди Тареми («Порту»), Карим Ансарифард (АЕК).

Иран құрамасы В тобында АҚШ, Англия және Уэльс командаларымен ойнайды.

Фото facebook.com/iranteamfootball