Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Хельсинкиде (Финляндия) өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз бірінші айналымда австриялық теннисші Лукас Мидлерді 6-4, 7-5 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.