Жаңа зеландиялық файтер Исраэл Адесанья (23-1) бүгін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында (Нью-Йорк, АҚШ) UFC 281 турнирінің басты кездесуінде бразилиялық файтер Алекс Перейрамен (6-1) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Адесанья орта салмақтағы UFC чемпиондық атағын бәске тікті. Жекпе-жек бес раундқа есептелген, бірақ соңғы раундта Перейра Исраильді нокаутқа жіберіп, сенсациялық нокаут тіркеді.

Адесанья ММА-да екінші рет жеңіліске ұшырап, белбеуінен айырылды.