12 қарашада елордадағы «Астана Аренада» футболдан Қазақстан кубогының финалдық матчы өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Ақтық сында оралдық «Ақжайық» пен шымкенттік «Ордабасы» кездеседі.

Жартылай финалда «Ақжайық» пен «Ордабасы» голға толы матчтарда жеңіске жетті. Атап айтқанда батысқазақстандық команда «Таразды» (5:3), ал шымкенттік үжым «Астананы» (3:2) жарыс жолынан шығарды.

Бұл ойында жеңген команда Қазақстан кубогымен қатар Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

Қазақстан кубогы финалдық матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 14:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы өткізеді.