Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчында сырт алаңда магнитогорскілік «Металлургпен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Андрей Скабелка келесі құрамды алаңға шығарды: Гудачек (Бояркин) – Мищенко-Ножье, Савицкий-Шапю-Шайхмедденов; Бекетаев-Грэм, Бракко-Вэй-Луис; Ғайтамиров-Данияр Қара, Қайыржан-Сағадеев-Шестақов; Сергиенко-Григорьев, Максимов-Гурков-Петухов.

Ресейліктер басым түсті – 3:2. Қазақстандықтар қатарынан үшінші кездесуінде жеңіліс тапты.

13 қарашада «Барыс» жолда уфалық «Салават Юлаевпен» кездеседі.

«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 3:2