Баскетболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Олег Киселев, Шаим Қуановты жаңа капитан етіп тағайындады. Бұған дейін бұл міндетті Рустам Мурзагалиев атқарған еді.

"Рустам үш жыл қатарынан Ұлттық құраманың капитаны болып, "Астана" БК капитан болды. Қазіргі уақытта клуб психологиялық және физикалық күйзелісте деп айтуға болады. Себебі команданың күнтізбесі тығыз. Сол үшін Рустам алдағы ойынға баса назар аударуы керек деп ойладым. Біз онымен сөйлесіп, осындай шешімге келдік.

Мен Шаим Қуановты жаңа капитан етіп тағайындадым. Менің ойымша, бұл жақсы және дұрыс таңдау. Рустам оның көмекшісі болады, менің ойымша, Шаим бұл жұмысты жақсы жүргізеді! Сонымен қатар, біз адамдарға сенім білдіріп, сол сенімді ақтайтынына көз жеткізуіміз керек", - деп айтты баскетболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Олег Киселев.

2019 жылдан бастап Қазақстан құрамасының капитаны болған Рустам Мурзагалиев сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, Шаим Қуановтың ойыншы ретіндегі тәжірибесі оның капитандық лауазымдағы табысты жұмысына қызмет ететінін атап өтті. Айта кетейік, Рустам Мурзагалиев "Астана" БК капитаны болып қалады.