Еуропа Лигасы іріктеу турниріндегі «Саксан» - «Аполлон Лимассол» матчына Қазақстанның төрешілер тобы тағайындалды, деп хабарлайды  «PROСПОРТ».
 
Кишиневте өтетін ойынның бас төрешісі талдықорғандық Денис Измайлов болмақ. Оның көмекшілері - Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау). Төртінші төреші - қарағандылық Артем Кучин.
 
Денис Измайлов өткен маусымда Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің матчында қызмет атқарған. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) матчында жұмыс істеді. Бұл ойында Измайлов төрешінің қосымша көмекшісі болмақ.
 
Еске сала кетейік, Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің алғашқы матчтары бүгін өтеді.
 
kff.kz