Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Черногорияны 7:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Матчтан кейін команда көшбасшысы Біржан Оразов кездесу жайлы ойын айтып, қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтты.

«Жарақатыма байланысты Словения мен Черногорияға қарсы матчқа қатыса алмадым. Аллаға шүкір, осы ойынға қатысып, екі гол соқтым. Отбасыма, жанкүйерлерге қуаныш сыйладым деп ойлаймын. Алматы жұрты футзалды сағынып қалғаны көрініп тұр, қолдау керемет болды. Зал толы жанкүйер біздің алтыншы ойыншымыз секілді болды. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет!», – деді Оразов.