«Црвена Звездаға» қарсы ойын алдында «Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Осыдан ондаған жылдар бұрын Чемпиондар лигасын ұтқан, тарихы бар ұлы командаға қарсы кездесеміз. Олардың «Партизанға» қарсы ойындары, «Барселона»-«Реал» немесе «Қайрат»-«Астана» секілді үлкен дерби», - деді Вайсс.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» сырт алаңда «Црвена Звездамен» кездеседі. 

 

Қайрат ФК ресми сайтынан*