«Боруссияның» ойыншысы Илкай Гюндоган дортмундық клубпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Дортмундық клубтың ресми сайты мәлімдеуінше, 24-жастағы ойыншы жаңа екіжылдық келісімшартқа қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында шетел басылымдары Гюндоган «Барселона» немесе «Арсеналға» ауысады деген болатын.

«Командамен жаңа келісімге келгеніме қуаныштымын. Енді бар ойым тек қана «Боруссияда» болады», - деді германиялық ойыншы.