«Атлетико» футбол клубының қорғаушысы Жоао Миранда миландық «Интерге» ауысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы «нерадзурридің» ресми сайты мәлімдейді. Бразилия құрамысының 30-жастағы ойыншысын сатып алу үшін италяндық клуб «Атлетикоға» 15 миллион еуро төледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2011-ші жылы Миранда «Сан-Паолодан» «Атлетикоға» ауысып, мадридтік клуб сапында Испания чемпионаты мен кубогын және Еуропа лигасын жеңген болатын.