2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Черногориямен өтетін матч алдында футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака, сонымен қатар команданың ойыншылары Лео Игита мен Азат Валиуллин баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қойған сауалдарға жауап берді.

Рикардо Кака, Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Ұлттық құраманы жаттықтырғаннан сәттен бастап ең қысқа дайындық осы болып отыр. Бір күн ғана, яғни кеше жаттығу өткіздік. Бүгін бір жаттығу. Ертең ойын алдында тактикалық жаттығу жасау жоспарда бар. Өйткені, ФИФА күнтізбесі небәрі төрт күн. Енді жиналғандықтан команданың тәжірибесіне арқа сүйене отырып алаңға шығамыз. Жаңа ойыншылар үшін қиындау болмақ. Алайда, ештеңе өзгерте алмаймыз.

- Тайнан мен Лео болмайды деп жарияланды. Қандай себептермен? Бұл ойыншылардың жоқтығы байқалмай ма?

- Эдсон мен Нұрғожиннің де болмайтынын айтқым келеді. Олар жарақат алып қалды. Лео туралы айтсақ, ол Бразилиядан келем дегенше ойын өтіп кетер еді. Тайнанның өз чемпионатында ойыны бар. Қазақстанға жету де ұзақ жолды қажет етеді. Ол ойын күні таңғы сағат жетіде келер еді. Сол себепті оның келгені қажет емес деп санадық. Осы кездесуде ойнайтын басқа да ойыншылар бар. Барлығы өз мүмкіндіктерін күтетіні анық.