Премьер-Лиганың 20-шы туры аясында «Тобыл» мен «Астана» арасында 11-ші шілде күні өтуге тиіс болған кездесудің уақыты өзгертілді, деп хабарлайды  «PROСПОРТ».

Елордалық клуб 14 немесе 15 шілде күні  Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу турында өнер көрсететіндіктен «Тобылға» қарсы матч 10-шы шілдеге ауыстырылды.

Айта кетейік, «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы словениялық «Марибор» болмақ.