Бүгін Ньондағы Еуропа футбол одағының штаб-пәтерінде Конференция лигасы өтпелі матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеребе тарту рәсіміне 16 клуб қатысты. Конференция лигасының топтық кезеңде екінші орын алғандар және Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған командалар.

Жеребе қорытындысы:

АЕК Ларнака (CYP) - «Днепр-1» (UKR)«Брага» (POR) - «Фиорентина» (ITA)«Буде-Глимт» (NOR) - «Лех» (POL)«Карабах» (AZE) - «Гент» (BEL)«Лацио» (ITA) - ЧФР (ROU)«Лудогорец» (BUL) - «Андерлехт» (BEL)«Трабзонспор» (TUR) - «Базель» (SUI)«Шериф» (MDA) - «Партизан» (SRB).

Еуропа лигасында үшін орын алған командалар алғашқы ойынды өз алаңында өткізеді.

Айта кетейік, алғашқы ойындар 16 ақпанға жоспарланған, ал қарымта ойындар бір аптадан кейін өтеді.