Премьер-Лиганың 17-ші туры аясында ткен «Атырау» мен «Жетісу» арасындағы кездесуде тәртіп бұзылғаны үшін матч нәтижесі өзгертілді, деп хабарлайды  «PROСПОРТ».
 
«Жетісу» футбол клубының ойыншысы Гедминас Вичюстің  ойынға заңсыз қатысқаны үшін Тәртіптік-бақылау комитеті матч нәтижесінің күшін жою және бұл матчта «Жетісу» футбол клубына 0:3 есебімен жеңіліс белгілеу, ал «Атырау» футбол клубына 3:0 есебімен жеңіс белгілеу туралы бұйрық шығарды.
 
Сонымен қатар, «Жетісу» футбол клубына «500 000 (бес жүз мың теңге) көлемінде айыппұл» салынды.