Бүгін Ньондағы Еуропа футбол одағының штаб-пәтерінде Еуропа лигасының өтпелі матчтарына жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рәсім Астана уақытымен 18:00-де басталады. Тікелей трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Жеребе тарту рәсіміне 16 клуб қатысады: Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған сегіз клуб (еленгендер); Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған сегіз клуб (еленбегендер).

Еленгендер«Манчестер Юнайтед» (ENG)«Митьюлланд» (DEN)«Монако» (FRA)«Нант» (FRA)«ПСВ»(NED)«Рома» (ITA)«Ренн» (FRA)«Унион» (GER)

Еленбегендер«Аякс» (NED)«Байер» (GER)«Барселона» (ESP)«Зальцбург» (AUT)«Севилья» (ESP)«Спортинг» (POR)«Шахтер» (UKR)«Ювентус» (ITA)

Бір ұлттық қауымдастықтың өкілдері плей-офф кезеңінде кездесе алмайды.

Командалар әр матчты үйде және сырт алаңда өткізеді. Еленген командалар қарымта ойынын өз алаңында өткізеді.

Бірінші ойындар 16 ақпанға жоспарланған, ал екінші матчтар бір аптадан кейін өтеді.

Өтпелі матчтардың жеңімпаздары 1/8 финалда Еуропа лигасының топ жеңімпаздарына қосылады. Бұл кезеңнің жеребе тарту рәсімі 24 ақпанда өтеді. Жеңілгендер еуропалық жарыстан ұшып кетеді.

ФОТО uefa.com