Қазақстандық дзюдошы Камила Берликаш Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз қола медаль алды.

Қола жүлде үшін белдесуде Берликаш хорватиялық Тина Радичті жеңді.