Бүгін «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасы тұрақты маусымы аясында красноярскілік «Енисейді» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Красноярск қаласының командасына қарсы кездесуде қарсылас 57:88 есебімен жеңіске жетті.

Елордалық команда сапында Даниил Аксенов 11 ұпай жинап, ең нәтижелі ойыншы атанды.

Осылайша, елордалық команда қатарынан бесінші рет жеңіліп отыр.ВТБ Бірегей лигасы.«Астана» — «Енисей» 57 : 88 (8:27, 16:20, 10:21, 23:20)