Солт-Лейк-Ситиде шорт-трек бойынша Әлем кубогы кезеңінің квалификациясы жүріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы Нұртілек Қажығали кезеңнің жартылай финалына жолдама алып, 1500 метрге жүгіруде 2:14.022 есебімен бірінші болып мәреге жетті.

Сондай-ақ Қазақстанның тағы бір өкілі Әділ Ғалиахметов қашықтықты 2:14,939 нәтижемен бағындырып, кубок кезеңінде жартылай финалға шықты.