«Астана» американдық қорғаушы Деондре Паркспен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Ойыншыға астаналық клубта өткізген уақыты үшін алғыс айтамыз және Деондреге карьерасында сәттілік тілейміз!», - деп жазды клуб.

Паркс кәсіби карьерасын 2016 жылы Ұлыбритания чемпионатында бастады, онда ол «Ньюкасл» сапында ойнады. Одан кейін қорғаушы Грузия, Канада, Израиль, Финляндия, Венгрия және Кипрде өнер көрсетті.