23-26 қараша күндері Алматыда футзалдан Чемпиондар лигиасының Элиталық кезеңінің С тобы матчтары өтеді.

«Қайрат» АФК баспасөз қызметінің мәліметінше, матчтар Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді.

Қазақстанның ең беделді клубы С тобына түсті, команда чехиялық «Хрудим», мальталық «Люксол» және португалиялық «Бенфикамен» бір квартетте өнер көрсетеді.