Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы егер Давид Моррельді жеңсе, Сауль "Канело" Альвареспен емес, Давид Бенавидеспен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Қазақстандық спортшы бұл шешімін “Канелоны” қатты сыйлайтынын айтып, түсіндірген.

"Канело" мен Бенавидес – мен үшін үлкен есімдер. Егер мен Моррельді жеңіп жатсам, Бенавидеске қарсы шыққым келеді. Маған "Канело" ұнайды – мен де онымен жекпе-жек өткізгім келеді, өйткені біз онымен бір ай бойы оқу-жаттығу жиынында болдық, спаринг өткіздік. Мен оны өте қатты сыйлаймын, ол менің кумирім секілді. Біз оны көптеген чемпиондармен кездескені үшін сыйлауға тиіспіз. Сондықтан Канеломен жекпе-жекке лайық болу үшін алдымен басқа жекпе-жектерде өзіңді дәлелдеуің қажет. Сол себепті мен келесі жекпе-жек Бенавидесті, содан кейін ғана Канелоны шақырғым келеді. Өйткені мен "Канелоны" қатты құрметтеймін", - деп түсіндірді Ерболсынұлы.