Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусымы аясындағы кездесуінде владивостоктық «Адмирал» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын «Барыс-Арена» мұз сарайында өтті.

Жеңімпаздар қатарында шабуылшы Николай Елисеев хет-трик жасап, Александр Горшков бір гол соқты. Алаң иелері сапында голдың авторы Егор Петухов атанды.

«Барыс» (Астана) — «Адмирал» (Владивосток) 1:4 (0:0, 1:2, 0:2)

1:0 — 25:09 Петухов (Сағадеев, Гайтамиров). 1:1 — 28:46 Елисеев (Шулак, Криштоф). 1:2 — 34:54 Елисеев (Грачёв). 1:3 — 48:57 Елисеев (Лисовец, Криштоф). 1:4 — 59:55 Горшков (Саюстов, Лисовец).

Қақпашылар: Гудачек — Серебряков