«Қайрат» футбол клубы жартылай қорғаушылар Антон Крачковский мен Еркебұлан Сейдахметпен және қақпашы Темірлан Анарбековпен келісімшартын ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Антон Крачковский мен клуб арасындағы жаңа келісім 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

20 жастағы жартылай қорғаушы 2022 жылы «Қайрат» құрамына келді. Антон Алматы клубының құрамында 27 матч өткізіп, 1 гол соғып, 3 голдық пас берді.

Темірлан Анарбеков пен клуб арасындағы жаңа келісім 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

19 жастағы қақпашы «Қайраттың» тәрбиеленушісі. Темірлан Алматы клубының құрамында 5 матч, сондай-ақ команда капитаны болып табылатын «Қайрат-Жастар» құрамында 33 ойын өткізді.

Тараптардың өзара келісімі бойынша ағымдағы келісімді ұзарту опциясы іске қосылды.

22 жастағы жартылай қорғаушы 2019 жылдың жазында «Қайрат» құрамына келді. Содан бері Еркебұлан Алматы клубының құрамында 52 матч өткізіп, 2 гол соғып, 6 голдық пас берді.