Ньюнда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша алматылық «Қайраттың» қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның ең беделді клубы С тобына түсті, команда чехиялық «Хрудим», мальталық «Люксол» және португалиялық «Бенфикамен» бір квартетте өнер көрсетеді.

Элиталық кезеңнің матчтары 22-27 қараша арасында өтеді. С тобының ойындары Алматыда өтеді. Әр топтың үздік командасы Төртеу финалына жолдама алады.