4-5 қараша аралығында Польшаның Висла қаласындағы Адам Малыш атындағы шыңда шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтеді. Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) тұғырдан секіру жарыстарының директоры Сандро Пертиле 44-ші Әлем Кубогындағы өзгерісті былай түсіндірді:

«Катардағы футболдан әлем чемпионатымен тұспа-тұс келгендіктен осы шешімді қабылдадық. Қарашаның 20-сы мен желтоқсанның 18-і аралығында көптеген жанкүйер футбол көреді. Әсіресе, алғашқы аптада күніне 5 матчтан болады. Көптеген арна мен ФИФА арасында келісім барын ескерсек, ол кезде шаңғымен тұғырдан секіруге эфирде уақыт жетпейтіні түсінікті. Бір жағынан осы күнтізбе арқылы біз бұл спорттың мезгіл таңдамайтынын көрсетеміз»,-дейді.

Оның сөзінше, спортшылар қысқа дейін көктемде жүгіруге арналған пластик кілемшелері бар керамикадан жасалған жолақтарда, ал күзде мұз жолақтарда өнер көрсете алады. Бұл арқылы ол тұғырдан секіруді бірнеше төсеніште өткізуге болатын тенниспен салыстырыпты.