«Хабар» телеарнасы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6КО) титулдық жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді.

Ербосынұлы-Моррель айқасы 6 қараша күні таңертең АҚШ-тың Миннеаполис қаласында болады. Басталуы – астана уақытымен сағат 08.00-де. Жекпе-жек Куба боксшысына тиесілі WBA Super нұсқасы бойынша әлемнің «тұрақты» чемпионы белдігі үшін өтеді.

Сондай-ақ жекпе-жек SHOWTIME Sports YouTube-арнасы тікелей эфирде қөрсетеді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының рингке шықпағанына бір жылдан асты: 2021 жылдың қыркүйегінде ол Гайана елінің өкілі Леннокс Алленмен (22-2-1, 14КО) қолғап түйістіріп, оны оныншы раундта нокаутқа жіберді