Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұған дейін боксшы Instagram-парақшасында Алматы қаласында шаршы алаңға оралатынын мәлімдеген еді.

Садриддин Ахмедов 11 желтоқсанда «Алматы Аренада» өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Айта кетейік, 24 жастағы қазақстандық боксшының иелігінде бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулері бар. Оларды былтыр иеленген болатын.